
Жанкелдин ауданында батагөйлер сайысы өтті
Батамен ел көгерер…
«Ұлыстың ұлы күні» наурыз мерекесіне орай, мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде «Баталы елге бақ қонар» атты батагөйлер сайысы өтті. Қазақ халқының ұлттық құндылығын жас ұрпақ бойына дәріптеп, ұлттық сананы жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған шараға алты қатысушы қатысты. Байқау екі кезең бойынша өтті.
Алғашқы «Әдет ғұрып- тәрбиенің бастауы» кезеңінде әр қатысушы дорбадан алған екі сұраққа жауап берді. Қазақтың ырымдары мен дәстүрлерінен құралған сұрақ жауап бөлімінен қатысушылар сүрінбей өтті. Екінші «Баталы елге бақ қонар» бөлімінде, әр қатысушы берілген тақырып бойынша көрініс қойып, сол тақырыпқа сай бата берді.
«Тұсау кесер», «Арқан есу», «Тілашар», «Қымызмұрындық», «Қонақ күту» дәстүрлерінен тағылымды көрініс қойылып, аталған дәстүрге қандай бата беруілу керектігі көрсетілді. Бірі білсе, біре біле бермейтін, ұмыт болып жара сатқан дәстүрлер, ұлттық құндылықтар аталмыш шара барысында кеңінен насихатталды.
Сонымен қатар мәдениет үйі қызметкерлері «Жарапазан» айтып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Арнайы саралаушы қазылар алқасының шешімімен, жүлделі бірінші орынды Торғай ауылының қатысушысы Төленді Ғанимат иеленді. Жүлделі екінші орынды торғайлық Байбатыр Ниязбекұлы иемденсе, үшінші орын сужарғандық Бағдат Айсағалиевке бұйырды.
Сонымен қатар, Нұлан Хамит, Манат Абусағитов, Ерхан Меркин арнайы жүлдемен марапатталды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйақы табысталды.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31