
Жанкелдин ауданында қазыналы қариялар бас қосты
Зияткерлік сайыс
Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, «Жалын» жастар ұйымы» ҚБ-нің ұйымдастыруымен ұйымдастыруымен «ТОРҒАЙ KUIZ» зияткерлік сайысы өтті. Бұл сайыс басқа сайыстардан өзгерек себебі, бұл ойында қариялар өзара сынға түсті. Ойынның негізгі мақсаты қазыналы қарияларымыздың белсенді өмір салтын қолдау, олардың күнделікті өміріне сергектік пен рухани қуат сыйлау, әлеуметтік ортадағы қатысуын арттыру. Ауданымызда алғаш рет өткізіліп отырған бұл танымдық шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қариялар уақыттарын тиімді әрі көңілді өткізіп қана қоймай, рухани демалыс алды.
Жаңашыл форматтағы «ТОРҒАЙ KUIZ» ойыны қарттарымыздың білімін, өмірлік тәжірибесін, есте сақтау қабілетін, ойлау шапшаңдығын дамытуға бағытталған. Бұл сайыс — тек ойын ғана емес, аға буын өкілдерінің басын қосатын, оларды бір-бірімен жақындатып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын, қоғамдағы рөлін күшейтетін маңызды алаң. Осындай игі шаралар арқылы ауданымызда қадірлы қарияларымыздың әлеуметтік белсенділігін арттырып, өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадам жасалып отыр.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ Суретті түсірген: Мейрамбек БЕЙСЕНБЕК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31