Жанкелдин ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі тұрақты түрде өтіп келеді
Нарықтық баға халыққа ауадай қажет
Айына екі рет аудан орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып отырады. Аудандық ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі мұрындық болып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарықтық бағада сатылуына ықпал жасауда.
Күні кеше «Торғай» орталық базарында арзандатылған сүт, ұн өнімдерінен жасалған тағамдар және ет, балық сатылымға шықты. Жаркөл, Қалам-Қарасу ауылдық округтері мен Сужарған ауылының шаруа қожалықытары мен кәсіпкерлері нарықтық бағада ауыл шаруашылығы өнімдерін сатты. Шындығы керек, аудан орталығында азық – түлік сатумен айналысатын кәсіпкерлердің арасындағы бәсекелестік бәсендеп келеді. Егер дәл осылай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жиі өтіп отырса, баға ұсынымы да төмендер еді.
«Біз ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін апта сайын ұйымдастырар едік. Бірақ, кейбір шалғайда орналасқан ауылдар келе алмайды. Әсіресе, қыс айында жол қатынасы қиын. Сондықтан қыс мезгілінде айына бір рет ұйымдастырсақ деген жоспар бар. Осы уақытта жергілікті тұрғындар ауыл шаруашылығы өнімдерін стып алуға ынталы. Арзан бағада сатылған өнімдер халыққа да тиімді. Қыстан қысылмай аман шықсақ, жаз айында тұрақты түрде қолға аламыз», – дейді кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ботагөз Саматова.
Әрине, арзан баға да сатылған өнімдер тұрғылықты халық үшін өте тиімді. Ауылданк елген сарымай, құрт, ірімшік, айранды аудан тұрғындары лезде сатып алады. Сол себепті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі үздіксіз өтіп тұрса, деген халық тарапынан ұсыныста жоқ емес.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Суретт: кәсіперлік бөлімінің сайтынан алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31