Жанкелдин ауданында ауыл, ауылдық округ әкімдері халық алдында есеп берді

Аудан әкімі ауыл әкіміне бірқатар тапсырмалар берді

Жол бойында орналасқан Сужарған ауылындағы халық саны – 352. Шағын ауылдағы 65 отбасы өздерінің күнделікті тірліктерімен айналысып отыр. жұмыссыздар саны 47 адамға жеткен. 83 адам тұрақты жұмыс істейтіндер. 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 8 адам қоғамдық жұмысқа тартылған екен. «Таза Қазақстан» эколоиялық акция аясында сенбілікке уақытылы шығып, абаттандыру мен санитарлық жұмыстарға қатты көңіл бөлген. Бұл жөнінде ауыл әкімі Берік Әубәкіров 6 айда атқарылған жұмыстарын баяндап, халық алдында есеп берді. Ауыл шаруашылығы, мәдениет және спорт, денсаулық, әлеуметтік, қаржы, білім салаларына жеке – жеке тоқталып, өткен жылмен салтыстырмалы түрде білдірме жасады. Мал басынан өсім байқалады. Мәдениет пен спорт саласындағы жетісіктер жоқ емес.

«Сужарған ауылы әкімінің 2024 жылға арналған жергілікті өзін-өзі басқару функцияларының іске асыруға бағытталған ақшаның түсімдері мен шығыстарының жоспарына, сәйкес биылғы жылға осы түсімдерімізден көше жарығына 49 000 тенге елді мекеннің санитарлық тазалығына 1 млн тенге бөлінді. «Ауыл ел –бесігі» бағдарламасы бойынша 220 000 000 теңге қаражатына спорт зал мен асхана салынып жатыр. Осы жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отырмыз. Ауылымызға биылғы жылы құны 10 млн теңге болатын шағын футбол алаңы салынды. Алдағы уақытта ауыл тумаларының демеушілігімен тыңғылықты жұмыстарды атқаратын боламыз», – дейді ауыл әкімі.

Ауыл тұрғындарын мектептегі бала саны алаңдатып отыр. осы тұста, аудан әкімі Шота Оспанов бірқатар тапсырмалар беріп, сырттан көп балалы отбасыларды көшіріп әкеліп, қолдан келгенше жағдайларын жасауды тапсырды. Сонымен қатар, «Туған жерге тағзым» жобасы аясында ауыл азаматтарының басын қосып, игілікті істердің жаршысы болуы жөнінде айтты. Ауыл тұрғындары ұсыныс – пікірлерін ортаға салып, ойларымен бөлісті. Жиын соңынан аудан басшысы жеке қабылдау өткізіп, тұрғындарды толғандырып жүрген мәселелеріне жауап берді.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.