
Жанкелдин ауданында алаш ардақтысының мерейтойына дайындық барысы
Тұлғаға қандай құрмет көрсетіледі
Биыл қоғам қайраткері, Алаштың ардақты тұлғасы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойы. Ел ішінде «Міржақып атамыздың құрметіне арналған мерейтой «Жетім қыздың тойындай бола ма?», аудан өңіріндегі дайындық жұмыстары баяу, күні ертең Арқалық қаласында өтетін болса, елдігімізге сын емес пе? Жергілікті билік өкілдері той қамына әлі кіріспеген сынайлы» деген қаңқу сөздер жиі айтылып жүр.
Бұл енді алдағы уақыт еншісінде. Біздің білетініміз Бидайық ауылындағы Міржақып атамыздың тарихи музейіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасау үшін облыстық бюджеттен 20 млн 713 мың 524 теңге қаржы бөлінген. Қаңтар айында жарияланған ашық конкурс негізінде Қостанай қаласындағы «Бек – 2050» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз деп танылып мердігер атанған. Ішкі құрылыс жұмыстары аяқталған. Оның сыртында абаттандыру, тас төсеуіш (брусчатка) төселіп, күнқағар мен орындықтар орнатылған. Ал, музей ішіне қайта құрылымдау мақсатындағы реэкзпозиция жұмыстарына облыстық бюджеттен қосымша 22 млн 340 мың теңге қаржы қарастырылған. Бұл жауапты жұмыстарды Астана қаласындағы «Seedstars Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарып жатыр. Келісім шарт бойынша құрылыс жұмыстарн аяқтау мерзімі маусым айының соңғы күні деп жоспарланған. Міржақып атамыздың кесенесіне жөндеу жұмыстарын немере ұрпағы Бақберген Өтеулин өз мойнына алған. Өткен жылы осы кесенінің күмбезін қайта жаңартты. Ресейден құрылыс заттары мен құрылысшылар алып келіп, бар күш жігерін жұмсаған. Шыққан шығынды да өз қалтасынан шығарған. Қазіргі уақытта ішкі және сыртқы келбетіне тағы да жөндеу жұмыстарын жасап жатыр.
Бидайық ауылында 14 үй бар. Халық саны 77 адам құрап отыр. Егін шаруашылығымен айналысатын 11 адам шағын ауылдың берекесі мен бірлігін келтіріп отыр. Еңбек адамдары ауылдың әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосып келеді. Міржақып атамыздың мерейтойының шарапаты тиіп, ауылдың азда болса ажары нұрланды.
«Биыл облыстық бюджет есебінен 79 млн теңге қаржы бөлінді. Оған Бидайық ауылындағы «Тәуелсіздік» көшесіне асфальт жабындысы төселеді. Ұзындығы 1 шақырым, 100 метр. Мердігер «Бейсен – 1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Көшелерді жарықтандыру бағытында Бидайық ауылындағы бір көшелерге 25 баған, Саға ауылындағы 4 көшеге 89 баған орнатылып, толықтай жарықтар мен қамтылды. Оның сыртында ұзындығы 3 шақырым, 20 метр болатын бес көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін облыстық бюджеттен 250 млн теңге бөлінді. Мердігерді анықтау үшін конкурс ұйымдастырдық. Бірақ ешкім түскен жоқ. 2023 – 2024 жылы 880 метр болатын Дулатов көшесін асфальттау үшін ұйымдастырылған конкурсқа да ешкім ниет білдірмеді. Атамыздың тойына дайындық барысы басталды. Абаттандыру, көгалдандыру және «Таза Қазақстан» эколоигиялық акция аясында тазалық жұмыстарын қолға алып жатырмыз», – дейді округ әкімі Қайсар Нұрғазин.
Ауыл көшелеріне асфальт жабындысын төсеу жұмыстарына мердігерлердің түспеу себебі де бар. Өйткені, Тоқанай мен Саға ауылының ортасындағы көтерме жол сын көтермейді. Жауын – шашын болса, ми батпаққа айналып, көліктердің жүруіне кедергі келтіреді.
Тоқанай-Саға- Алтынсарин автомобиль жолының 0-15 шақырым учаскесіне қиыршық тас төсеу арқылы ресайклирование әдісімен орташа жөндеу жұмысын жүргізу үшін мердігер анықталған. «Лидер Строй – 2002» жауапкершідігі шектеулі серіктстігімен келісім- шарт жасалған. Жол жөндеу жұмыстары тамыз айында аяқталады деп күтілуде. Осы бағыттағы 15-34 шақырымдық учаскелеріне орташа жөндеу жұмыстары сәуір айынан бастап жүріп жатыр. Аяқтау мерзімі 31 шілде. 49-88 шақырымдағы уческелеріне ағымдағы жөндеу үшін мердігерлік ұйымды айқындау бойынша конкурстық рәсімдерді өткізіп жатыр. Мердігер анықталмай жатып, жолдың құрылы жұмыстары 15 тамызда аяқталады деп сенімді айтуларына жол болсын.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31