
Жанкелдин ауданынағы мәдениет үйінің театр әртістері жаңа туындыны жарыққа шығарып, көрермендер назарына ұсынады
Дайындық барысы пысықталды
Биыл қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы. Осыған орай мерейтойға арналған дайындық жұмыстары басталып кетті. Бар салмақ мәдениет саласының ұжымына түсері анық. Себебі, мерекелік кештің мәні мен сәнін келтіретін осы ұжым.
«Жангелдин ауданының Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйі жанындан құрылған «Халық театры» өз қоржынына тағы бір керемет қойылым қоспақ. Ұлы тұлға, ұлт зиялысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған бұл туынды — рухани жаңғыру жолындағы тың қадам. Қойылым дайындығы Қостанай қаласынан арнайы келген Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының көркемдік жетекшісі Марғұлан Назарұлының басшылығымен дайындық жұмыстары пысықталды. Халық театрының әртістеріне шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз! Жаңа қойылым көрермендердің көңілінен шығады деген үлкен үміттеміз», – дейді мәдениет үйінің директоры Жанат Әлімбаева.
Бұған дейін театр ұжымы Міржақып атамыздың «Оян, қазақ» туындысын сахналап, өнер сүйер қаумының ерекше ыстық ықыласына бөленіп, ақ батасын алған еді. Қыркүйек айында өтетін тарихи мерейтойдың басты жаңалығы жаңа туынды болмақ.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31