Жанкелдин ауданына облыс әкімі жұмыс бабымен келіп, халықпен кездесті
Алдағы міндеттің ауқымы кең
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов ауданға жұмыс бабымен келіп, жиынға дейін аудан орталығындағы бірқатар нысандарды аралады. Инфрақұрылым жұмыстарымен танысты. Одан кейін аудандық мәдениет үйінде жергілікті халықпен кездесті. Аудан әкімі Шота Оспанов ауданымыздың әлеуметтік экономикалық дамуы жайында есеп берді.
Аймақ басшысы Құмар Іргебайұлы облыс көлемінде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды.
“Алдағы уақытта Қостанай өңіріне газ тарту жобасын жүзеге асырамыз. Жанкелдин ауданына да көгілдір отын келеді. Біз біраз үлкен жобаларды қолға алдық. Инвесторлар арқылы инвестиция тарту мәселесі назарымызда. Сондықтан біз елдің игілігі үшін қызмет істеуге міндеттіміз”,- деді аймақ басшысы.
Аудан тұрғындары ұсыныс пікірлерін айтты. Көптеген қордаланған мәселелер көтерілді.
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Суретті түсірген: автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31