
Жанкелдин ауданына қарасты «Торғай» өзеніндегі балықтардың қырылуы елді алаңдатып отыр
Себеп салдары белгісіз
«Торғай» өзеніндегі балықтар қырылп жатыр, иістеніп кеткен» деп Шеген ауылының тұрғындары дабыл қақты. Қырылған балқытың дені шорта мен шорағайлар. Су жағасына шығып қалған өлі балықтар иістеніп кеткен. Бірақ, олардың не себепті өліп жатқандығы әлі күнге беймәлім.
«Торғай өзенінде өліп жатқан балқытарды фотоға және видеоға түсіріп салып жатырмыз. Өзенге жақындау мүмкін емес. Иістеніп сасып кеткен. Былтырғы қатты тасқын кезінде де су таза болған жоқ. Енді биылғы тасқын кезінде де су таза болған жоқ, сасық иісі болды. Қәзір балықтар өліп жатыр. Бірер күн бұрын аудандық төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері келіп кетті. Қайта көптеген балықтарды құстар жеп тауысуда. Негізі суда ағыс болғанда балық өлмеуі керек және айтарым кейінгі жылдары Қарғалы ауылының тұсынан өзеннің арнасы өзгеріп кеткен. Ол жағдайды жергілікті әкімдер жақсы біледі. Соның салдарынан Тамыз айының ортасынан бастап отыз шақырымдай өзеннің өне бойы кеуіп жатады. Су деңгейінің шамадан аздығынан өзеннің кейбір тұстары суатқа құлаған мал, жан-жануарлардың салдарынан малдың нәжісіне айналып кетеді. Бұрындары тасқын су қаншалықты көтерілсе жағасы соншалықты жасыл нуға айналатын. Кейінгі жылдары керсінше су жайылған аумақтағы тал, жиде, жүзген сынды өсімдік атаулы тегіс өліп қалады. Жағалауда киіздей тұтасып өсетін жалбыз шөбі атымен құрыды. Сондықтан үкімет Торғай өзеніндегі жағдайға жедел назар аударулары керек», – дейді ауыл тұрғындары.
Бұл мәселе жөнінде жергілікті билік өкілдері де хабардар. Облыстан рыбнадзор мен МОБ бөлімінің басшысы келіп, себеп салдарын анықтауда. Шеген ауылының әкімшілігі 2 трактор шығарып, өлген балықтарды жинап алған. Балқытардың себепсіз қырылуын алдағы уақытта мамандар анықтайтын болады.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31