Жанкелдин ауданын түйіні шешілмей тұрған мәселеге тұрғындардың қатысы бар

Тазалықты табалдырықтан бастау керектігін ұмытпайық

«Айта, айта Алтайды, Жамал апай қартайды». Жергілікті билік өкілдері осы сөздің кейпіне енгелі қашан. Ауданның батыс жағында «Стройучасток» кенті бар. Ол бір шағын ауыл іспетті. Сол маңайда үлкен терең сай бар. Оны кейбір адамдар «Партизан» сайы деп атайды. Аудан орталығына қатынау үшін шағын кент тұрғындары үлкен сайдың ортасындағы шағын өткелден өтеді. Сай жағалауында 10 үй бар. Ондағы тұрғындар тиісті белгіленген орынға қысы – жазы күл – қоқыс, қатты қалдық заттарын шығармайды. Себебі, үлкен сайды боқаттың ордасына айналдырып алған. Қорасының артынан шығып, жыраның ернеуінен аударып кете береді. Көктем кезінде қыс бойы төгілген күл – қоқыс пен қалдық заттар қарғын сумен жылжып ағып, төменгі көшені ластайды. Сайып келгенде, мекеме қызметкерлері сенбілікке шыққан сайын тазалап отырады. Билік өкілдері сол маңайдағы тұрғындарға сан мәрте ескерту жасады. Бірақ, оны құлаққа құйып жатқан тұрғындарды көрмедік. Кеше ғана сол сайды барып көзбен көрдім. Дәл осы суреттегі көрінісі. Өрістен үйге қарай шашырап келе жатқан қой ешкідей қағаз, пакет, памперс, өлген малдың қаңқасы. Дәл осындай лас ортада отырған тұрғындарға таңым бар. Инфекцияның барлығы дәл осы қоқыстардан болатынын біле тұра, қалай жол береді екен.

«Біз талай рет барып, тұрғындарға ескертулер жасадық. Бұл күл – қоқыс төгетін орын емес. Өздеріңіз үшін тазалық ұстаңыздар деп әлі күнге айтумен келеміз. Одан қорытынды шығарып жатқан адам көрмедік. Енді амалсыздан заң аясында айыппұл төлетеміз. Жергілікті полиция өкілдерімен бірлесіп, осы іске кірісуіміз ғана қалды. Ағалап, көкелеп айтсақта еш түсінбейді. Олар күл – қоқыстарын төгеді. Ал, жұмыссыздықтан, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері солардың шашқандарын жинайды. Бұл әділдік емес. Олардың боқаттарын жинауға міндетті емесіпіз», – дейді Торғай ауылының әкімі Кемеңгер Қарағұл.

Экологияны ластап отырған тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығы жоқ. Олардың тоқтатудың жалғыз ғана жолы құзырлы органдардың көмегі арқылы, яғни прокуратура, сот, полиция өкілдеріне жүгініп, шара қолдану қажет.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.