
Жанкелдин ауданы, Торғай ауылының тұрғындары дабыл қақты
Үйілген қоқыс кімге керек
Кеше Торғай ауылы, Айғожин көшесінің тұрғындары әлеуметті желі арқылы “Қоқыс салынған қапшықтарды кім жинайды? Енді неше күн осылай тұрады?’, — деп дабыл қақты.
Олардың айтуынша, өткен аптада сенбілікке шыққан мекемелер тастап кеткен сынайлы. Бізде лезде Торғай ауылы әкімінің орынбасары Ернұр Бірікеновке хабарласып, тұрғындар тарапынан айтылған шағымды жеткіздік. Ол азамат қоғамдық жұмыстағы адамдарды апарып, айтылған сынға оң қабақ танытты. Қоқыс салынған қапшықтарды тиісті орынға апарып тасады.
“Әр апта сенбілікке мекеме, кәсіпорын қызметкерлері шығады. Өздеріне белгілеп берген көшелерін тазалайды. Біз кейін жеңіл машинаға тіркеме тіркеп, жиналған қоқыстарды алып кетеміз. Мүмкін бұл қапшықтарды аңғармай қалған шығармыз. Ал, бұзылған үйдің орнын тазалау жұмыстары жоспарда бар. Санитарлық тазалауға қаржы бөлінді. Алдағы уақытта камаз автокөлігі бар жеке кәсіпкерлермен келісім шарт жасап, үйінділерді тазалаймыз”,- деді ол.
Расында, биыл аудан орталығындағы бұзылған үйлердің орнын тазалап тегістейді. Көшелерге асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жалғасады. Жаяу жүргіншілер жолы төселеді. Ел игілігі үшін істеліп жатқан жұмыстардың сапасына жергілікті билік өкілдері мен халық қалаулылары мән берген жөн. Өз жұмыстарына немқұрайлы қарайтын мердігерлерге ақша керек болса, жергілікті халыққа істелген жұмыстың сапасы керек. Қазірдің өзінде сапа сын көтермейтін олқылықтар бары рас. Ал, қоқыс мәселесіне келетін болсақ, уақытылы жиналып отыр. Тұрғындардың тарапынан айтылған сын ескертпелер өте орынды.
“Өткен жолы 4 иттің өлігі жатты. Оны көше тұрғындары өзіміз шығарып тастадық. Одан кейін бір қапшық балықтың басы мен ішек қарны сасып жатты. Бұны әрине көше тұрғындарының бірі жасаған. Сондықтан шеткі көше демей мән беріп отырған жөн”,- дейді Айғожин көшесінің тұрғындары.
Технология дамыған заманде кез келген кемшілік әлеуметтік желі де жарияланып отырады. Ағаттық кетсең атың шығады. Жауапты іске ат үсті қарасаң қызметтен кетесің. Сол себепті, жауапты тұлғалар” Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын назарға алған абзал.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31