Жанкелдин ауданы «Стройучасток» кентінің тұрғындары мәслихат депутатының көмегіне жүгінді

Айтылған ұсынысқа жауапкершілікпен қарау керек

Ауданның батыс жағында орналасқан «Стройучасток» кенітінің тұрғындары, аудандық мәслихаттың депутаттарына ұсыныс айтып, өз пікірлерін жеткізді. Тұрғындардың көтерген мәселесі өте орынды. Ауыл шетінде 2 шақырым жерде мал көмідісі бар. Яғни, аталған кенттің тұрғындары өлген малды арнайы орынға апарып салады. Мал көміндісі талапқа сай. Сырты блок тастармен қоршалған. қазылған шұңқырдың темірден қақпағы болған. Бірақ, сол темірді әлде кімдер ұрлап алып кетіп, темір қабылдайтын жерге тапсырған. Бұл мәселе былтыр қозғалған болатын. Сол участоктің депутаты болғандықтан Торғай ауылының әкімдігіне жүгініп, тұрғындар тарапынан айтылған ұсынысты жеткізген едім. Олар айтылған мәселені қатырамыз деп уәде берді. Бүгін сол арнайы мал көміндісін көзбен көруге бардым. Жабылған қақпақ көрмедім. Айтылған мәселеге ат үсті қарайтын Торғай ауылының әкімдігі тұрғындардың арыз – шағымына немқұрайлы қараған сынайлы. Жел батыстан шыққан күні қақпағы жоқ мал көміндісінің ішіндегі өлекселер сасығанда сол маңайдағы тұрғындардың берекесін кетіреді екен.

«Бұл мал көміндісінің салынғанына 10 жыл уақыт болды. Оның мерзімді уақыты болмайды. Біз жыл сайын ішіндегі өлген малдарды өртеп отырамыз. Мал көміндісіне дезенфекция жасалмайды. Ал, сантарлық тазалығы Торғай ауылы әкімдігінің құзырында. Тұрғындардың өтініші бойынша мал көміндісінің қақпағын қалыпқа келтіріп береміз. Бір айта кететінім, өлген малды маңайына тастай салмай, арнайы орынға апарса, қалған мәселелерді өзіміз шешіміз», – дейді аудандық ветеринариялық станциясының басшысы Аян Нұрмұханбетов.

Мал көміндісінің жанында екі құлын, бір иттің өлексесі жатыр. Екі аттам жерге әкеліп тұрып, белгіленге орынға салмай кеткен тұрғындарға не атйтуға болады.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Жангелдин ауданында жастарға жұмыс пен бизнес бастауға мүмкіндік жасалып жатыр

Жангелдин ауданында жастарды жұмыспен қамту және кәсіп бастауына қолдау көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл ауданда…

20 часов ago

«Орталық – Батыс» жолының құрылысы қашан қайта жанданады?

Қостанай облысында тұрғындар «Орталық – Батыс» автожолының Торғай – Ырғыз учаскесінің құрылысына қатысты сұрақ қойды.…

2 дня ago

Жангелдин ауданында 2 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады

Жангелдин ауданында 1 қыркүйек – Білім күніне орай 19 білім беру ұйымында «Ыбырайдың қоңырауы –…

3 дня ago

Торғай тарихын кім жақсы біледі?

Қостанайда зияткерлік квиздің жеңімпаздары анықталды (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.