
Жанкелдин ауданы Шилі ауылдық округінде ауызсы мәселесі шешімін тапты
Ауылдық ағайындардың қуанышы
Ауданнан шалғай орналасқан елді мекендердің бірі Шилі ауылдық округі. 45 үй, 210 халқы бар округтің бүгінгі тұрмыс тіршілігі жаман емес. Алдыңғы қатардағы ауылдардың санатында. Ауыл халқының бірлігі көпке үлгі. Сырт жақтан көп балалы отбасыларды көшіріп әкеліп, олардың бар жағдайын жасап отыр. күні бүгінге дейін бұл үрдіс жалғасын тауып келеді. Ауыл халқының көптен бергі арманы ауызсу мәселесі еді. Олда шешімін тапты. 1969 жылдан бері бір құдықтан су ішіп келген ауылдық ағайындарға енді орталықтандырылған су жүйесінен таза ауызсу ішу бақыты бұйырды.
Шилі ауылдық округін сумен жабдықтау құрылыс нысанының жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 79678,0 мың теңге және арнайы мемлекеттік қордан 435580,0 мың теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша мердігер «BW-invest» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігер атанып, іске кірісп кетті.
«Құрылыс материалдары толығымен келді. Яғни, су құбырлары (диаметрі 75мм)-4,315 км, электр бағандары-92 дана, құдық кольцалары-51 дана, фундамент блоктары-16 дана. Су тазарту станциясына «KMG Water Industry» ЖШС-мен (Астана қаласы) 18 тамызда келісім жасалды, қазан айының 20 дейін орнатылады деп күтілуде. 4,3 шақырым су құбырының 3,0 шақырымы қазылды. Сондай – ақ, 4,3 шақыры су құбырының 2,0 шақырымына су құбыры және су желісіндегі 17 құдықтың 5 құдығы қазылды. 92 электр бағанының 80 электр бағаны орнатылды», – дейді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Әділбек Иманғалиев.
Аталған құрылыс жұмыстарына манипулятор, шынжыр табанды экскаватор, трактор 3в1, погрузчик, 3 длиномер камаз техникалары жұмылдырылған. Сонымен қатар, 1-инженерлік қызметші, 9 жұмысшы, 3 механизатор жұмыс жасап жатыр. Қараша айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31