Жанкелдин ауданы әкімдігінде Президент Жолдауы бойынша кеңейтілген кеңес өтті

Басты міндет жүзеге асыру

Бүгін аудан әкімі Дінмұханбет Бидашевтың төрағалығымен жиын өтті.

Жиын барасында күні кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауындағы басым бағыттар жөнінде талқыланды. Жолдауда айтылған міндеттемелердің жүзеге асыруы туралы баяндамалар оқылды.

Аудан әкімінің орынбасары Гүлмира Ұзаққызы инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар туралы білдірме жасады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Шоқан Оспанов әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру шараларын ұсынды. Білім бөлімінің басшысы Абай Қасым педагогтар мен оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға қатысты аудандық тәжірибемен бөлісті. Аудандық аурухананың бас дәрігері Эльмира Мәметова өңірлік медициналық қызметтің жағдайы мен даму бағыттарына қысқаша тоқталды.


«AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ғабит Сүндетбаев «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндады.

«2025 жылдың 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарияланған Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің саяси өміріндегі айтулы оқиғаға айналды. Оны тек есеп немесе бастамалар тізімі ретінде ғана қарастыруға болмайды – бұл мемлекетте болып жатқан ауқымды өзгерістерді көрсететін және болашаққа жаңа бағдарлар белгілейтін бағдарламалық құжат.

Президент жаһандық сын-қатерлер мен тұрақсыздыққа қарамастан, Қазақстан алға жылжуы тиіс екеніне баса назар аударды. Ол биліктің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, қауіпсіздік пен дамуды қамтамасыз ету миссиясын нақты белгіледі. Бірақ бұл жолы әңгіме тек бір сәттік шаралар туралы болған жоқ – Қасым-Жомарт Тоқаев ұзақмерзімді стратегияны ұсынды, оның негізінде әділдік, заңдылық және халықтың өз күштеріне деген сенім жатыр. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру туралы шешім ерекше назар аударды. Бұл жай ғана жаңа құрылым емес – бұл бүкіл қоғамға сын-қатер және сигнал: Қазақстан цифрландыру мен инновациялар абстрактілі ұранға айналмайтын және күнделікті өмірдің бір бөлігі болатын елге айналуға ниетті. Мұндай өршіл мәлімдеме биліктің жаңа көкжиектер ашып, «болашақ экономикасын» қалыптастыруға дайын екенін көрсетеді», – деді Ғабит Көдебайұлы.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Дінмұханбет Серікұлы Жолдауда белгіленген тапсырмаларды сапалы орындау үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды, бекітілген жоспарлар аясында халықпен белсенді кездесулер өткізуді тапсырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындауға жұмыла кірісу керектігін айтып, жауапкершілікті талап етті.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Recent Posts

Суға түсу маусымында қауіпсіздік қалай бақылануда?

Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…

10 часов ago

Шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)

1 день ago

Туған жер – Торғайға

Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)

3 недели ago

Бас жүлдені «Торғай» командасы иеленді

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)

3 недели ago

Свыше 90 тысяч сайгаков обитают на территории Костанайской области

При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)

3 недели ago

Торғайда 30 жыл бойы бір орында тапжылмай қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметші туралы не белгілі?

Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.