
Жанкелдин ауданы, Қалам – Қарасу ауылдық округі облыстық байқауда жеңімпаз болды
Үлгілі ауыл
Қостанай облысында «Үлгілі ауыл»байқауы аяқталды!
Ауылдық аумақтарды дамыту «Тұжырымдамасы» және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде өткен «Үлгілі ауыл» облыстық байқау аяқталды.
Конкурстық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жеңімпаз тірек ауылдардың ішінде Қалам – Қарасу ауылдық округі бар.
Жеңімпаздар аудан әкімдігінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды – абаттандыру, балалар мен спорт алаңдарын салу, көгалдандыру және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған басқа да бастамаларды іске асыру үшін жүлде қорын алады.
«Байқау мақсаты-ауылдық аумақтарды дамытуды ынталандыру, азаматтық белсенділікті арттыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Ұзынкөл ауданының Ершовка ауылы;
спутниктік ауылдардың ішінде-Сарыкөл ауданы Сорочинка ауылы;
басқа ауылдардың қатарында Жангелдин ауданының Қалам-Қарасу ауылы жеңімпаздар қатарында», – дейді ұйымдастырушылар.
Қалам – Қарасу ауылдық округінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Ауылды абаттандыру, көгалдандыру бойынша алдыңығы қатардағы ауылдардың санатында.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31