
Жанкелдин ауданның жас балуанына ағайындар ат мінгізді
Бауырластарың бары жақсы
Бала күнінен бозкілемде шыңдалған Сағындық Әшім киелі Торғай жерінің мақтанышына айналғалы қашан. Таңатқан Дүйсекеев пен Қонысқара Нұрғалиевтан кейін Торғай жерін әлемге танытқан Сағындық. Жауырыны жер иіскемеген жас балуан екі мәрте «Әлем чемпионы» атанды. Қазақ күресінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының мүшесі. «Үздіктердің үздігі» республикалық турнирдің жеңімпазы. Қазақ күресінен халықаралық спорт шебері. Румыния елінде өткен қазақ күресінен әлем кубогында чемпион болды. Осыдан бір ай бұрын әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен байрақты бәсеке өтті. 66 кг салмақ дәрежесінде бақ сынаған Сағындық Қасқырбекұлы қарсыластарын тізе бүктіріп, «Алтын медаль» иегері болды. Торғайдың даңқын асқақтатқан жас балуанға қандай мақтау айтсақта еш артықшылығы жоқ. Марапат пен мадақтан кенде емес әрине.
Күні кеше алаштың зиялы тұлғасы М.Дулатұлының 140 жылдығына орай қазақ күресінен республикалық жарыс ұйымдастырылды. Білектілер белдескен додаға Сағындық қатысып, ел намысын қорғады. Көңілге кірбін түсірмейтін, үнемі қолдау көрсететін, демеу бола білетін ағайынның бары жақсы. Осы бір тамаша сәтте «Ағайын тату болса, ат көп» деген тәлсімді ұстанған бауырлас «Қырықмылтық» руының ағайындары Сағындықтың астына ат мінгізіп, мәртебесін көтерді. Ер мерейін өсірді. Сағындық ініміз әлі талай белестерді бағындырып, Торғай жерін төрткүл дүниеге танытатын болады.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Суретті түсірген: автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31