
Жангелдин ауданының оқушылары Ташкент қаласында өткен халықаралық байқауда үш Гран-При иеленді
Жас өнерпаздардың бағы жанды
Ташкент қаласында «Re _sol_ star» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Шығыс жұлдызы атты» халықаралық өнер байқауы өтті.Аталмыш өнер додасына жерлестеріміз орталығының оқушылары Айназ Қарағұл мен Толғанай Бақытжан қатысып үш Гран при еншілеп келді.
Қазақстанның әр түпкірінен жиналған 60 тан аса өнерпаздар арасында халықаспаптар бөлімінде орта және жоғарғы топ арасынан үздік танылған жерлестер Грузия елінде өтетін халықаралық байқауға жолдама алды.
Айта кету керек, Арқалық қаласында Тараз қаласының «Re _sol_ star» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен халықаралық байқауда шығармашылық орталықтың жеті оқушысы гран при иеленіп Ташкентке жолдама жеңіп алған еді. Солардың қатарында Айназ бен Толғанайда бар.
Ташкент қаласында Айназ Кемеңгерқызы Құрманғазының «Сарыарқа» күйін, Толғанай Ғауезқызы А.Жайымовтың «Шаттанамын» және дуетпен қазақ күйлерінен папури орындап қазылар алқасының жоғарғы ұпайына ие болып үш нөмерде бас жүлдеге лайық деп танылды. Жетекшілері Перизат Қалабайқызы.
«Ең алдымен оқушыларға қолдау білдірген өнім беруші Асхат Сафарғалиевке ризашылығымды білдіргім келеді. Біздің Ташкент қаласына дейін жайлы жетуімізге ықпал жасап, оқушылардың аталмыш байқауға қатысуына демеу болды. Оқушылар жоғары деңдейде өнер көрсетті. Бұл тек қыздарымның жеңісі ғана емес Торғай елінің жеңісі деуге болады», – ата-ана және өнер жанашыры Әсел Әбеу.
Жерлестерді жеңісімен құттықтай отырып, Грузия елінде өтетін халықаралық байқауға сәттілік тілейміз!
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31