
Жангелдин ауданының оқушылары республикалық кезеңге жолдама алды
Оқушылардың бағы жанды
Қостанай қаласында өткен облыстық Абай оқулары байқауы өз мәресіне жетті. Аудандық кезеңнен екінші кезеңге жолдама алған оқушылар, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Аталмыш байқаудың незі мақсаты ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын ұрпақ санасына сіңіру, көркем сөз құдіретін насихаттау. Биылғы байқауда Жангелдин ауданының дарынды оқушылары ерекше белсенділік танытып, әр номинация бойынша өз өнері мен білімін ортаға салды. Абай шығармашылығына деген шынайы ықылас пен әдебиетке деген сүйіспеншілік – олардың әрбір сөзінен, әрбір бейнесінен айқын көрінді.
Байқау нәтижесі бойынша «Әнді сүйсең менше сүй» номинациясы бойынша Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Мадина Мұқан, Жетекшісі: Елугүл Бекетова, «Сөз өнеріндегі Ұлы Абай бейнесі» бөлімі бойынша Аманкелді атындағы ЖББМ 10-сынып оқушысы Нурикамал Асқарқызы, Жетекшісі: Сәнімгүл Жақсылық жүлделі I орын иеленді. Жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алды.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31