Жангелдин ауданында ірі қара малға төнген кесел асқынып тұр
Мал дәрігерлері бұл ауруды «стоматит» десе, енді бірі «алсу» ауруы деп болжам айтады
Ауыл, ауылдық округтерден бастау алған мал індеті күн санап өршіп барады. Жергілікті тұрғындар қолдарынан келгенше ем – дом жасауда. Қолдарындағы азын – аулақ малдарын аман сақтап қалу үшін қымбат бағадағы дәрілерді сатып алуға мәжбүр болып отыр. Ал, «Мал дәрігер – 2011» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысы Әбілбек Сейтқазиев ірі қара малдарын вакциналау жұмыстары басталғандығын хабарлады. Белгісіз кеселге тосқауыл болады деп үмітпен қарауға болады. Айтпақшы, ешкі – қойлардың аяқтары ісіп, жатып қалады екен. Олда белгісіз аурудың қатарында. Ірі қара малдарының ауыздарынан аққан көпірік, кілегей шырыштанып кетеді. Оның сыртында таңдайлары тесіліп, тілдеріне жара шығып, оттыға алмай қалады. Кейбір тұрғындар сиырлардың ауызын қара тұзбен, марганцовкамен шайып қарекет жасап жатыр.
– Белгісіз кеселдің бетін қайтару үшін ең алдымен тұрғындар қора – қопсыларына дезинфекция жасаған дұрыс. Бұл жөнінде біз үнемі тұрғындарға айтып келеміз. Немқұрайлылық танытқанның салдарынан осындай күйге душар боламыз. Қаншама мал ауырып, өліп жатыр. Ауыл, ауылдық округтегі мал дәрігерлері тынымсыз жұмыс атқарып жатыр. Бір ауылда бір мал дәрігері және көмекшісі бар. Бірақ, олар барлық малдарды бір күнде егіп, үлгірмейді. Сондықтан тұрғындардың тарапынан көмек керек. Бірлесіп жасаған жұмыстың нәтижесі болары анық. Ауырған малдың жеген қалдық шөбін өртеп жіберген абзал. Өйткені, ауызынан аққан кілегей көпірік шөпке тамады. Соның салдарынан басқа малдарға жұғады. Ірі қара малдарының ішіндегі төлдер өлі туып жатыр. Сараптама жасап, арнайы төлін сойып көрген едік, кеудесі қарайып күйіп кеткен. Сонда ауырған малдың ішінде қызу қатты болып тұр деген сөз. Тұрғындарға айтарымыз, уақытылы малдарына екпе салдырып отыру керек, – дейді мал дәрігері мамандары.
Ауылдағы жергілікті тұрғындар «Окситетрамаг», «Миксоферон» сияқты дәрлерді алдырып, малдарына екпе жасатып жатыр. Аракідік «Биоспрей» сеппе дәрісін де қолдануда. Кеселден айығып жатқандары да бар. Қайталап ауруыда мүмкін. Бастысы мал басымыз аман болсын.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31