
Жангелдин ауданында балалар уақыттарын киіз үйлі этно лагерде көңілді өткізуде
«Айгөлек» лагеріне оқушылардың қызығушылығы жоғары
Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектептерде жазғы балалар лагері жұмыс жасауда.Оқушылар бір мезгіл уақыттарын ұтымды пайдаланып, танымдық, мәдени, ойын- сауықпен күндерін көңілді өткізуде.
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Айгөлек » мектеп жанындағы кигіз үйлі этно лагерінің биылғы жоспары тіптен ерекше. Балалар мектеп жанында құрылған этно кигізүйде қазақтың ұлттық ойындарын, салт-дәстүрін, ұлттық тағамдарын, аспаптарымен толық танысып, танымды мағлұматтарға қанық болуда. Әр күн бір біріне ұқсамайды. Бір күн ұлттық ойындардан жарыс өтсе, енді бір ұлттық аспаптарды тануға арналған.
Одан бөлек жоспарға сәйкес басқада жұмыстар мектеп ішінде жүргізіледі. Мектеп ұстаздарының күнделікті жұмыс жоспары бар. Балалардың қызығушылықтары өте жоғары. 2 маусымда бастау алған алғашқы маусым 83 оқушымет жұмысын аяқтап, екінші маусының жұмысы басталды. Екінші маусымға 103 бала қатысуда.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31