Жақсылық жасауға жұмылар күн
Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінің директоры Гүлзат Хамзина бастаған аталмыш саланың ұжымы “Игі істер” күніне байланысты қайырымдылық шараларын ұйымдастырды
Олар Алтай Қапановтың және жалғыз басты ана Жанат Досекееваның үйлеріне барды. Әз – Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін айтты. Айтулы күннің негізгі ұғымын түсіндіріп, балаларға әкелген тәттілер мен азық – түліктерді табыстады.
Қайырымдылық, мейірімділік – игі іспен егіз ұғым. Қайырымдылықты жоқтықтан, мейірімділікті мүсіркегендіктен жасайды деп түсінуге әсте болмайды. Барлығы да жүрек қалауымен. Игілікті істердің басы – қасында жүріп, белсенділік танытқандарға Алланың шапағаты мен нұр жауады деген шариғатта. Сондықтан бес күндік фәниде жақсылық жасауға асығуымыз керек.
Бай – НИЯЗ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31