Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті.

Жангелдин ауданының Көшбасшы әйелдер клубы – өңірдегі белсенді, бастамашыл қыз-келіншектердің басын қосқан бірегей алаң. 2019 жылдан бері белсенді жұмыс істеп келеді. Жылдық жоспарды бекіту барысында алғашқы отырыста клуб қызметінің негізгі тақырыптық бағыттары нақтыланып, әрбір іс-шараның мазмұны мен форматы жан-жақты талқыланды.

Отырыста әйелдердің қоғамдық белсенділігін арттыру, ауыл-аймақтағы әлеуметтік бастамаларды қолдау, отбасы құндылықтарын нығайту және кәсіпкерлікке ынталандыру мәселелері де сөз болды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтық қоғамды дамыту, әйелдердің шешім қабылдау үдерісіндегі рөлін күшейту жөніндегі саясатына үндес келеді. Әрбір тақырыптық бағыт нақты мақсат-міндеттермен толықтырылып, күтілетін нәтижелері айқындалды. Сондай-ақ, жоспар аясында өткізілетін іс-шаралардың мерзімі бекітіліп, тоқсандық және айлық кесте бойынша жүйеленді.

«Клуб мүшелері арасынан әр бағытқа жауапты тұлғалар бекітіліп, олардың міндеттері белгіленді. Бұл жауапкершілікті күшейтіп, ұжымдық жұмыстың тиімділігін арттырады. Іс-шаралардың форматына да айрықша мән берілді. Жоспар бойынша тәжірибе алмасу кездесулері, ашық диалог алаңдары, шеберлік сағаттары, қайырымдылық акциялары, этнофестиваль өткізу көзделіп отыр», – дейді Жангелдин ауданы Әйелдер күштері альянсының мүшесі Гүлім Ысмағұл.

Осындай жұмыстар өткізу клуб мүшелерінің кәсіби дамуына, өзара ынтымақтастықты нығайтуға және қоғаммен ашық байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта клуб жұмысы белгіленген бағыттар аясында жүйелі түрде жүзеге асырылып, Жангелдин ауданының қоғамдық өмірінде маңызды бастамалардың ұйытқысы болары сөзсіз.

Шұғыла ЖАҚСЫЛЫҚ

Редактор

Recent Posts

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

3 часа ago

Жанкелдин ауданының ұстазы қаржылық сауаттылық курсынан өтті

Жанкелдин ауданы Иманов жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогі Айгүл Қылышбекова 2025 жылғы «Жаһандық құзыреттілік»…

3 дня ago

Торғайда өткен әдеби байқау оқушылардың жүрегін тебірентті

Жанкелдин ауданы орталығында Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектепте қазақ поэзиясының алып тұлғасы, ақиық ақын…

5 дней ago

Жанкелдиндік диқандар техникаларын жаңартты

Жанкелдин ауданының шаруа қожалықтары ауылшаруашылығы техникаларын жаңартуға қарқынды бетбұрыс жасап келеді. (далее…)

6 дней ago

This website uses cookies.