Қызбел ауылдық округіне қарасты ауылдарда қар аршу жұмысы қарқынды
Екі күн бойы толассыз соққан ақ түтек боран ауыл ішін үйме қарға толтырып, жолдарды басып қалды.
Мәселен, аудан орталығынан шалғай орналасқан Тоқан – Саға – Бидайық бағытына баратын көтерме жолдар қармен толды. Бірақ, жергілікті билік өкілдері бұл мәселеге бей – жай қарамай жолдарды тазалауға міндетті мердігерлерге қолқа салды. Аталған үш бағыттағы қысқы жолдарды тазалау Ақмола облысы, Есіл ауданының «Күнсұлу» шаруа қожалығының еншісінде екен.
«Біздің жақта қыс қатты болады. Боран екі күнің бірінде ұйытқып соғып тұрады. Ауыл ішінде қар басып, үйме тауға айналды. Бірақ біз жауапты мердігермен үнемі байланыста отырамыз. Өзге облыстың адамы болса да уақытылы келіп, қарды тазалап береді. Күні кеше Саға және Бидайық ауылының ішкі көшелерін қар басып, техниканы былай қойғанда адамдардың жүруіне кедергі жасады. Оқушылардың да сабаққа баруы қиындық туғызды. Мердігер келіп сырты жолдарды тазалап берді. Ауыл тұрғындарының атынан өтініш айтып, ішкі көшелерді тазалар беруін өтініп едім, еш қарсылық білдірген жоқ. Барлық көшелерді айнадай тазалап, қырып берді. Сондықтан қос ауылдың тұрғындарының атынан «Күнсұлу» шаруа қожалығының басшысы Бақытжан Мерекеұлына және бас бригадер Андрей Сайитхалиловке шексіз алғысымды білдіремін. Жомарттық танытып, қол көмектерін берді. Сырттың азаматтары болса да қайырымды іске келгенде мығым екен. Еңбектерінің жемісін көрсін. Отбастарына амандық тілеймін», – дейді округ әкімі Қайсар Нұрғазин.
Қысқы жол тазалау жұмыстарын мемлекеттік конкурс арқылы ұтып алған мердігерлер тек қана сырты жолды тазалауға міндетті. Десекте, ауыл әкімінің өтінішін құп алған атымтай – жомарт азаматтың түсінігі мол екен. Әйтпесе, өзіміздің жергілікті жердің мердігерлері «біз ауыл ішін тазалауға міндетті емеспіз. Ол келісім шартта көрсетілмеген» деп шалқаяды.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31