Велошабандоз Торғайдан Стамбұлға жол тартты

Велошабандоз Ернат Мелсұлы Ахмет Байтұрсынұлы ауылынан Стамбұлға дейін 5 555 шақырым жүріп өтеді

Алғашқы саяхатын 5 қыркүйек күні ұлт ұстазының туған жері Ақкөл ауылынан бастады. Ол Стамбұл қаласына дейін 55 күнде 5 555 шақырымды бағындырмақшы. Ахмет атамыздың құрметіне арналған саяхатқа жаз бойы дайындалған. Құны 700 мың теңге тұратын жаңа велосипед пен тиімділік және жылдамдықты арттыруға көмектесетін велосипед аяқ киімін сатып алған. Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Әзербайжан, Грузия, Түркия арқылы Стамбұлға барады.

– Маңғыстау облысына велосипедпен барып, әрі қарай құрғақ порт арқылы Бакуге жол тартамын. Сосын қайтадан жүйрік велосипедіме мініп, ат басын Станбұлға бұрамын. Осы саяхатым туралы өзімнің әлеуметтік желілердегі парақшаларымда жазамын. Тарихи жерлерді аралап, рухани құндылықтарды санама сіңірдім. Торғай жерінің дархандығына ризамын.Нағыз қазақылықтың иісі аңқыған мекен екен. Менің негізгі мақсатым – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын, Абай Құнанбайұлының «Tolyq Adam» тұжырымдамасын насихаттап дәріптеу. Мен ақпан айында өз тәжірибемді сынап, велосипедпен 9 сағат 56 минутта 150 шақырымды бағындырғанмын. Осылайша алғашқы қысқы веломарафоншы ретінде Қазақстанның рекордтар кітабына есімім алтын әріптермен жазылды, – дейді Ернат Мелсұлы.

«Ахаң жүрген жолмен» экспедициясының ақ туын қолына алған велошабандоз Қостанай қаласынан Стамбұлға жол тартты.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.