«Торғайда бір ақын бар Қоныс деген» атты мектеп оқушыларының арасында жыр – мүшайра өтті
Онда жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді
Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен халық ақыны, сатирик, жазушы, айтыстың ақтангері Қонысбай Әбіловтың 65 жас мерейтойының құрметіне «Торғайда бір ақын бар Қоныс деген» атты мектеп оқушыларының арасында жыр – мүшайра өтті.
Поэзия әлеміне қалам тербеген, болашақтарынан зор үміт күтіретін 22 жас ақын бақтарын сынап, жұдырықтай жүректерінен шыққан жауһазын жырларын оқыды. Кейбір оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, туындыларын насихаттады. Қазылар алқасының шешімімен «Қонысбай Әбілов» атындағы жүлдені Эльдар Жұмақан иеленді. «Нұрхан ақын» жүлдесін Қапар Дариға алды. Жүлделі бірінші орынды Таңжарық Ниязбек иемденді. Екінші орын Сырым Есенгелді, үшінші орын Торғын Мәлік місе тұтты. Мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Қапуза Әлібек жеңімпаздар мен номинация иегерлерін дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.
Бай – АХМЕТ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31