Торғай төрінде тартысты турнир

Қосабаев Жақан Қосабайұлының мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Жангелдин ауданында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында дәстүрлі спорттық шаралар жүйелі түрде өткізіліп келеді. Соның бірі – 11–12 сәуір күндері аудан орталығында өткен ерлер арасындағы волейболдан ашық турнир. Биылғы дода қоғам және мемлекет қайраткері Қосабаев Жақан Қосабайұлының туғанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Аталған жарыс аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйытқы болуымен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтті. Турнирге әр жылдары туған азаматтардан құралған тоғыз команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Атап айтқанда, 1977, 1978, 1981, 1983, 1984, 1985, 1985–2003 жылғы түлектер, 1986 және 1987 жылғы ерлер командалары алаңға шықты.

Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Дінмұханбет Серікұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, шараға облыстың бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы қатысып, спорт пен діннің сабақтастығы, салауатты өмір салтының маңызы туралы тағылымды ойларымен бөлісті.

Жарыс барысында Жайлаубай ата мешітінің бас имамы Шоқан қажы Ғазизұлы спортшыларға ақ батасын беріп, ел бірлігі мен амандық тіледі.
Екі күнге созылған тартысты ойындар нәтижесінде командалар жоғары дайындықтарын көрсетіп, көрермендерге қызықты ойын өрнегін ұсынды. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды 1986 жылғы ерлер командасы иеленсе, ІІ орын 1978 жылғы командаға бұйырды. Ал ІІІ орынды 1987 жылғы команда қанағат тұтты.

Жарыс соңында барлық қатысушы командаларға белсенділігі мен жеңіске деген жігері үшін арнайы номинациялар табысталды. Жүлдегерлер кубок, медаль, мадақтама қағаздары, сертификаттар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, ерекше ойын өрнегін көрсеткен үздік спортшылар да арнайы марапаттарға ие болды.

Айта кету керек, бұл турнир жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп, аудан спортшыларының басын қосатын маңызды додаға айналып келеді.

Шұға АҢСАҒАН
Суретті түсірген аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.