Әсел Дүйсенбі «Үздік оқытушы – 2026» атанды.
Қостанайда облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік оқытушы – 2026» облыстық байқауы өтті. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ізімен келе жатқан жаңашыл әрі шығармашыл педагогтердің басын қосқан дүбірлі додада Жангелдин ауданының өкілі жеңімпаз атанды.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 15 мамырда өткен айтулы жарысқа аймақтың 8-10 ауданынан ең мықты деген тіл мамандары қатысқан. Биылғы байқаудың форматы өткен жылдардағыдан мүлдем өзгеше және айтарлықтай тартысты сипатта өтті.
Бас жүлдені және «Үздік оқытушы – 2026» атағын Жангелдин аудандық «Тілдерді оқыту» орталығының мемлекеттік тіл оқытушысы Әсел Дүйсенбі қанжығасына байлады.
Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, биылғы доданың форматы айтарлықтай күрделеніп, қатысушылар үш негізгі кезең бойынша бақ сынасқан.
Алғашқы турда үміткерлердің кәсіби жетістіктері жинақталған портфолиосы бағаланса, екінші кезеңде мұғалімдер «Қазақ тілі сабағында заманауи технологияларды пайдалану» тақырыбында өздерінің ерекше сабақ үлгілерін таныстырды.
«Ең қиын әрі шешуші сәт үшінші турда болды. Мұнда әртүрлі этнос өкілдерінен арнайы сынама топ құрылды. Үміткерлер осы топқа небәрі 15 минуттың ішінде сөйлеудің төрт негізгі дағдысы – айтылым, жазылым, оқылым және тыңдалым бойынша шұғыл сабақ өтіп, өздерінің кәсіби шеберлігін дәлелдеуі тиіс болды», – деп атап өтті ұйымдастыру комитетіндегілер.
Әсел Дүйсенбі қазіргі уақытта қос бірдей мекемеде – аудандық орталықта да, мектепте де қатар еңбек етіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға зор үлес қосып келеді.
Облыстық кезеңде оқ бойы озық шыққан Жангелдин ауданының оқытушысы енді ағымдағы жылдың жаз айларында өтетін Байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды. Онда ол Қостанай облысының намысын қорғайтын болады.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.