Тоғыз айдың қорытындысы
Биыл аудан бойынша “Жұмыспен қамтудың жол картасы”, “Ауыл – ел бесігі” бағдарламалары аясында бірқатар нысандарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жөнінде аудан әкімі Шота Оспанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте, сөйлеген сөзінде айтты.
-“Жұмыспен қамтудың жол картасы” арқылы Көлқамыс ауылын сумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға 104 млн теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді. Ақкөл, Ахмет Байтұрсынұлы ауылдарында су тарту жұмыстары осы жылдың желтоқсан айында аяқталады. Қалам-Қарасу, Сарысу елді мекендеріне ауызсу келер жылдың еншісінде. Ауданда көптен айтылып жүрген Ақкөл мен Ахмет Байтұрсынұлы ауылдары арасына көпір салу мәселесі де оң шешімін тапты. Оған 404 млн қазына қаржысы бөлініп, мердігер серіктестік жұмысын бастады. Шилі ауылдық округіндегі бөгетті күрделі жөндеуге бюджеттен 201 млн теңге жоспарланып, жөндеу жұмыстары басталды. Торғай ауылының инфрақұрылымын жаңартуға баса мән беріліп отыр. Осы жылы “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы шеңберінде аудан орталығындағы О.Тынымов, С.Мәуленов, Құлжановтар, Қ.Алтынсары, Кейкі батыр көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына 176 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы арқылы “Көп балалы отбасы” және “Толық емес отбасы” санаты бойынша кезекте тұрған төрт адамның өтініші мақұлданды, – деді аудан әкімі баяндама барысында.
Ауыл шаруашылық саласына да кеңінен тоқталды. Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың уақытылы жүзеге асып жатқандығын тілге тиек етті. Егін шаруашылығын да айналып өткен жоқ. Жиналған өнімнің пайыздық мөлшері мен индекс көлемі де ауыз толтырып айтарлықтай. Осылайша аудан әкімі Шота Сәбитбекұлы “Жангелдин ауданының 2020 жылғы 9 айындағы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары және алдағы мақсаттары” жөнінде баяндады.
Өз тілшімізден
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31