Тіл тағдыры – ел тағдыры
Қазіргі кезеңде келешегіміз ұрпақтар үшін қолға алынып жатқан бағдарламаның ең маңыздысы-тіл тағдыры
Атап айтқанда «Латын қарпіне көшу бірден – бір өмір талабы болып есептеледі. Елбасымыз келешекке бағдар барлау жасай келіп, Тіл туралы ең келелі мәселені қолға алды. Ұрпақ тәрбиесін жаңғырту, сананы жаңарту үшін ең алдымен дамыған елдер легінен қалдырмай, келешегімізді кемелдендірудің бірден – бір жолы- латын әліпбиіне көшу екендігін айтты. Біздер қарт болсақта, кезінде өзіміз қол жеткізе алмаған ғылым мен ілімді келешек ұрпақтарымыз, немере – шөберелеріміз үйреніп, сол іліммен сусындап өсуін қалаймыз.
Сондықтан, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының қолға алған латын әліпбиіне көшіру бастамасын қолдаймыз. Жас жеткіншектерді дер кезінде бағыттап, ерте қолға алса алынбайтын қамал жоқ. Жастар тез арада үйреніп, алып кетері сөзсіз. Сондықтан, бүкіл әлем бетбұрыс жасап отырған жаңалықты өмірге енгізіп үйретуге біз неге қолдамасқа?…
«Тіл түзелмей, ел түзелмейді»- деген қағида бекер айтылмаған. Келекшектің иесі ұрпақтарымыздың меңгеріп әкететініне сенімдіміз. Ел басқарып отырған Қасым Жомарт Кемелұлы Президент болғанда, алты ұлттың тілін меңгерген дегенін естіп, шын көңілімізбен қуанған едік. Сол секілді біздің де келешегіміз, балаларымыз сауатты болғанын қалаймыз. Сондықтан, латын қарпіне көшіруге қадам жасап, ел көшінен, өркениет жолынан қалдырмағанына қуанамыз. Қолдап пікірімді білдіремін. Лайым жемісті болуына тілектеспін!
Амандық ҒАБДОЛЛА
Энергетика саласының ардагері,
Аудандық ардагерлер алқасының мүшесі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31