Тазалық акциясына ауылдықтар жұмыла кірісті
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған бүкіл халықтық “Экологиялық 2 ай” акциясы Қызбел ауылдық округінде жалғасын тапты
Жергілікті тұрғындар қыстан қалған күл-қоқыстар мен қысқы мал азығының қалдықтарын арнайы орындарға апарып төкті. Санитарлық талаптарға сай абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде. Округ әкімі Қайсар Нұрғазин тұрғындармен кездесу жиынын өткізіп, қоғамдық жұмыстар мен тазалық мәселесіне белсенділікпен қатысуға шақырды.
Ел азаматтары бірліктерін танытып, тазалық айлығына кірісті. Ауыл әкімшілігі мен мектептің қыс бойы жиналған күл – қоқыстарын Жүзбай Ерназимов пен Ғабит Балғин өздерінің жекеменшік тракторларымен шығарып тазалап берді. Ауыл көшесі қалыпқа келтіріп, ой шұқырлары тегістелді. Сондай-ақ, Арқалық қаласының тұрғыны Серік Қойбағарұлы камаз автокөлік техникаларымен келіп, ауыл тұрғындарының қыстай жиналған қоқыстарын тазартып, ауылдың сыртындағы арнайы қоқыс төгетін орынға шығарды. Ауылды абаттандыру мақсатында ауылдың орталық алаңы темір шарбақтармен қоршалды.
Темір шарбақтарды дәнекерлеген ауыл әкімшілігінің қызметкері Бексұлтанға және ауыл тұрғыны Мұратбекке округ әкімі тұрғындардың атынан алғысын білдірді. Биылғы жылы орталық алаңды Жастар саябағына айналдыру жоспарда бар. Көшелерге, мекемелердің маңына көшет ағаштары отырғызылды. 1964 жылы туған азаматтар бас көтеріп, 40 түп қара ағашты М.Дулатов мектебінің ауласына екті. Алдағы екі ай бойы тазалық жұмыстары күн тәртібіне басты мәселе болады.Табиғатты сақтау және тазарту бәріміздің потриоттық міндетімізге жатады.
Айгерім ҚОЖАХМЕТОВА
“Қызбел ауылдық округі әкімінің
аппараты” мемлекеттік мекемесінің бас
маманы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31