Тәуелсіздіктің төл құрдасы
Мен үшін егемен елдің еркіндігі қымбат
Тайшина Айдана Қасқырбекқызы 1991 жылы 2 желтоқсанда киелі Торғай жерінде дүниеге келген. Ең алғаш 1997 жылы білім ордасының қара шаңырағы саналған Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің табалдырығын аттады. Мектеп қабырғасында жақсы оқыды. 2014 жылы Қарағанды экономикалық университетіне “экономист-бухгалтер” мамандығы бойынша білім алған. Айдана Қасқырбекқызы 2018 жылы жоғарғы оқу орнын абыроймен бітіріп, туған жеріне қызмет етуге келген. Қазіргі таңда “Жангелдин ауданының кәсіпкерлік бөлімі” мемлекеттік мекемесінде қаржы саласы бойынша жұмыс жасауда.
“Мен-тәуелсіздіктің құрдасымын! Тәуелсіз мемлекетпен құрдас болғаныма мақтанамын. Себебі, шыр етіп дүние есігін ашқан сәтте “Тәуелсіз елдің ұрпақтары” деген аталы сөзді естім өстім. Мен туған жыл бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қолы жеткен жыл. Біз үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес. Ол бәрімізге аян. Осы жолда қазақ елі не көрмеді? Ел басынан қуаныш та, аштық пен қырғын майданға толы қилы заман да өтті.
1916 жылдағы еліміздегі қайғылы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы ашаршылық, халқымыздың басын ыдыратты. Жан-жаққа бас сауғалатып, қасіретті де қайғылы заман сыйлады. Отызыншы жылдардағы ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы жерді дүр сілкіндірген жастарымыздың елі үшін қанын төккен ең үлкен қайғы-Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ елінің жүрегінде ауыр соққы, жазылмас жара болып қалды. Қандай қуаныш болса да, сол кісілердің арқасында келгенін біз ешқашан ұмытпауымыз керек.
Мен үшін Отаныма азғана болсын өз үлесімді тигізіп, елімнің дамуы үшін еңбек етуден асқан абырой жоқ. Тәуелсіздіктің төл құрдасы атану үлкен мәртебе. Биыл тәуелсіздігімізге 29 жыл толуда. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың абырой-беделі асқақтасын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын” деп өз ізгі ниетін білдірді.
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл — ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.Біз сол үшін мақтанамыз.
Гүлжан БӨЛЕГЕН
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31