Тәуелсіздік күні қарсаңында аудан орталығындағы «Жастар» саябағының ашылу салтанаты болды
Аудан әкімі Шота Оспанов құттықтау сөз сөйлеп, жігерлі жастардың құрметіне арналған саябаққа алдағы уақытта демеушілердің көмегімен ойын алаңы, спортпен шұғылдануға қажетті заттармен алынатындығын тілге тиек етті.
«Жастар жылы» аясында ашылған саябаққа жергілікті бюджеттен 10 миллионға жуық қаржы жұмсалған. Қазіргі таңда төрт бағытта жая жүргіншілер жолы төселіп, жан – жағы электр жарықтарымен жабдықталған. Көктем айында «Еріктілер жылы» және «Жасыл ел» бағдарламасы аясында қосымша көшет ағаштары отырғызылып, аббаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады.
«Жалын» жастар ұйымының жетекшісі, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің мұғалімі Айсұлу Құлтанова аудан жастарының атынан тілегін арнады. Лентасы қиылған саябақтың есігі баршаңызға айқара ашық. Тек тазалық сақтап, жауапкершілікпен қарсаңыздар болғаны.
Бай – АХМЕТ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31