Шектен шықпай шектеуге бағынайық
Тәртіпке бағынған құл болмайды
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуіріндегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабының 3-тармақшасына сәйкес, Жангелдин ауданы әкімінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №19-өкімі «Екі мобильдік маниторингтеу тобын құрды.» Аудан бойынша барлығы бес маниторингтік топ жұмыс жасауда. Оның үшеуі Жаркөл, Ақшығанақ, Қызбел ауылдық округтерінде және екеуі Торғай ауылында. 16 наурыздан бастап, карантиндік режимге байланысты түсінік жұмыстарын нәтижелі жүргізіп келеді.
Осыған орай мобильдік маниторнигтік топ мүшесі, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сәуле Дүйсенованы әңгімеге тартқан едік.
-Маниторнигтік топ құрамы жеті адамнан тұрады. Қазіргі таңда 54-қаулы бойынша жұмыс жасауда. Яғни, әрбір дүкендер екі-екі адамнан қабылдауы қажет. Антисептиктің болуы, сатушының бетпердемен (маскамен) жұмыс жасауы міндеттелген. Азық-түлік дүкендері сағат 10:00 – ден 21:00 – ге дейін жұмыс жасайды. Осы тәртіпті қатаң сақтамаған кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары 84000 теңге көлемінде айыппұл төлейді. Әр аптада қаулы бойынша тексеріс жұмыстары жүргізіліп отырады. Өткен аптада маниторингтік топ қаулы бойынша Аралбай, Тәуіш, Ақшығанақ, Сужарған, Көкалат ауылдарына тексеріс жұмыстарын жүргізді. Қорытынды бойынша Тәуіш, Көкалат ауылы дүкендерінің сатушысы бетперде (маска), медициналық қолғапсыз болғаны үшін хаттама толтырылды. Аралбай ауылының тұрғынынан көшеде бетпердесіз (маска) жүргені үшін түсініктеме алынды. Жергілікті тұрғындар карантин талаптарын толық орындамай келеді. Топ мүшелері қоғамдық орындарда жүрген адамдарға шектеу шараларын түсіндіріп, алғышарттар бойынша ескертулер жасады. Маниторнигтік топтың мақсаты айыппұл салу емес аурудың алдын алу үшін тұрғындарға нәтижелі түсінік жұмыстарын жүргізу. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығы үшін алаңдауы керек. Шектеулерге бағынып, санитарлық талаптарды ескертусіз орындауға құқылы. Әлемді жайлаған жұқпалы індет күн сайын өршіп барады. Карантиндік шектеулерді бұлжытпай орындасақ қана індетке қарсы тосқауыл бола аламыз, – дейді Сәуле Бақытжанқызы.
Халқымызда «Ауыр жол батаңды сынайды, ауыр іс адамды сынайды» деген нақыл сөз бар. Бұл сынақ жасқа да, жасамысқа да ауыр тиюде. Қазір карантин уақыты, адамдар әртүрлі ойларға салынып, кейбіреуі ауырып, емделіп жатыр. Алайда қазіргі уақытта жағдайды түзеліп кетті деуге болмайды. Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысымен өңірде карантиндік шаралардың жеңілдетілуі қабылданғанымен, барлық шектеу шарасы алынып тасталған жоқ. Өкінішке қарай, талап толығымен орындалмай отыр. Бір ғана мысал, аудандық маниторнигтік топ үздіксіз рейд жүргізуде. Келеңсіздіктер келешекте ауыл, ауылдық округтарда қайталанбауы үшін, әркім карантин талаптарын өзінен бастағаны дұрыс.
Гүлжан БӨЛЕГЕН,
А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік
университетінің журналистика мамандығының 1 курс студенті
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31