Қостанай облысының әкімі тоғызқұмалақтан халықаралық чемпионмен кездесті
Жайна облысымыздың мақтанышы
Жанкелдин ауданына арнайы іс сапармен келген облыс әкімі Құмар Ақсақалов күні кеше Монголия елінде өткен тоғызқұмалақтан халықаралық турнирден чемпион атанып келген Жайна Алпысқызын арнайы құттықтап барды.Жеңісімен құттықтап, жылы лебізін арнап,1млн тенге ақшалай сыйлық табыстады.
“Кішкентай болсаңда үлкен додада жеңіспен оралып,Қостанай облысын,оның ішінде туған жерің Торғай елін танытып келдің.Біз сенімен мақтанамыз.Ер жетіп үлкен әлемдік додаларда бақ сынап,әлем чемпионы болуыңа тілектеспін.Қашанда қандай жарыс болсын демеу жасап қатысуыңа қолдау білдіретін боламыз”-деді Облыс әкімі.
Бұл Жайна Алпысқызының кезекті жеңісі.Алда әлі де көптеген жарыстарда көк туымызды әлемге танытады деген сенімдеміз.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ, Суретті түсірген: автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31