Ұлы Жеңіс мерекесіне орай Шұбалаң негізгі мектебінде спорттық шара өтті
Аталмыш мектептің педагог – психолог маманы Мейрамкүл Әдешова өзінің жұмыс жоспарына сәйкес, әке мен бала арасында волейболдан жарыс ұйымдастырды
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырмасы бойынша әзірленген “Отбасылық клуб” жобасы Шұбалаң негізгі мектебінде жүйелі түрде жүзеге асты. Мсәлен, кәмлетке толмағандар арасында аутодеструктивтық мінез – құлықтың алдын – алу мақсатында өткен спорттық шараға 5-9 сынып оқушылары мен ата – аналары қатысты. Олардың ішінде спорт ардагерлері де бар. Жарыс тартысты өтіп, жанкүйерлердің делебелерін қыздырды.
Салаутты өмір салтын қалыптастыру жолында балаларына үлгі болған әкелер ауылмыздың мақтанышы. Шағын ауыл болса да спорт саласын дамыту жолында тынымсыз еңбек етуге ынталы. Мектеп директоры Лиза Ражанова қатысушыларға алғысын білдіріп, Жеңіс күні мерекесімен құттықтады. Алдағы уақытта тағылымы мол іс – шаралар, әртүрлі деңгейдегі спорттық ойын жалғасын табатын болады.
Мейрамкүл ҚОНЫСБАЙҚЫЗЫ
Шұбалаң негізгі мектебінің педагог
– психолог маманы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31