Әкімдіктің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Торбаевтың төрағалығымен «Президенттік жастар кадрлық резерві» жөнінде мәжіліс өтті
Аталған мәжіліске мемлекеттік мекемелерде қызмет жасап жатқан аудан жастары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрбек Сейтқазиев кадрлық резервтер жайында түсінік беріп, бастапқы ережелерімен таныстырды.
Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру міндетін алға қойған болатын. Өз салаларында белгілі бір жетістіктерге жеткен жас қазақстандықтар резервке қойылып, елдегі жоғары мемлекеттік және басқарушы лауазымдарға тағайындалатындығы да айтылды. Президенттік жастар кадр резервіне өткен үміткерлердің саяси және жоғары басқарушылық әкімшілік және ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшылық лауазымдарын атқауға мүмкіндік алады. Жалпы, Президенттік жастар кадр резервін қалыптастырудың маңыздылығы – бүгінгі қоғамдағы әлеуметтік мәселелер, әлемдегі жаһандық өзгерістер, қоғамның әл-ауқаты, басқа да қажеттіліктерімен тікелей байланысты. Бұл ретте, құзіреттілігі жоғары жаңа форматтағы көшбасшыларды дайындау мемлекеттік аппарат үшін өте маңызды.
Резервке тағайындалғанға дейін үміткерлерді арнайы әзірленген бағдарламалар бойынша оқытады. Резервшілер үшін олардың таңдау нәтижелері бойынша сарапшылардың ұсыныстарын ескерілетін болады. Олар мемлекеттік қызметте жұмыс істеу үшін қосымша білім алуға, халықпен жұмыс істеу құзыреттілігін арттыруға, оның ішінде көпшілік алдында сөз сөйлеуге, шектеулі жағдайларда жұмыс істеуге көңіл бөледі. Сондықтан мемлекеттік қызметте жүрген жастар бақтарын сынап, білімдері мен біліктіліктерін дәлелдейтін қолайлы сәтті құр жіберіп алма игі.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31