Карантиндік талаптар орындалып, іс – шара жүзеге асты
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту барысында, жұмыс кестесі қашықтық режиміне көшіп, оқырмандарды қабылдауды уақытша тоқтатты
Бірақ, карантин режимі оқырман мен кітапхананың байланысын үзген жоқ. Кітапханашылар өз оқырмандарын жоғалтпай онлайн қызмет көрсетіп, қашықтан жұмыс істеудің бірнеше тәсілін меңгергендерін айтуға болады. Қазіргі уақытта “Zoom” платформасында өтетін және де басқа онлайн форматта жобалар мен шаралар іске асырылуда. “Faceebok”, “Instagram”, “YouTube”, “ВКонтакте”, “Одноклассники” әлеуметтік желілерін пайдаландық. Әрине, көзбе-көз жүздесу жасай алмағандықтан, жаңа формалар мен әдістер қажет болды. Оларды қысқа мерзімде игеруге тура келді. Ақпараттық және ұсынымдық жарияланымдар, акциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, тікелей эфирлер, викториналардың барлығы ықшамдалды десек те болады. Олардың орнына онлайн іс-шаралар яғни, бейне шолулар, виртуалды көрмелер, библио-фреш, роликтер, онлайн-викториналар, онлайн кездесулер тағы басқалар орын басты. Кітапханаларға бейімделу, қайта топтасу және жұмыстарын тез қалпына келтіру қажет болды. Біздің кітапхана карантин кезеңінде, барлық қызметкерлер бұл тапсырманы толығымен орындады. Барлық қиындықтарға қарамастан, кітапхана қызметкерлері өз оқырмандары үшін қысқа мерзімде цифрлық қызметтерді ұйымдастыра білді.
Әмірхан АҒЫТАЕВ,
Аудандық кітапхананың қызметкері
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31