Күмістен алқа тағынды
Табиғатымен емес, бесіктің әлдиі тоқтамаған тарихи тұлғаларымен мақтанатын Торғай даласында сәбидің үні үзілмеген
Көп балалы аналарды мемлекетіміз қамқорлығына алып келеді. 1996 жылдан бастап, алты бала тәрбиелеген анаға “Күміс алқа”, 8 балаға “Алтын алқа” тағайындалды. “Күміс алқа” иеленген аналарға мынадай жеңілдіктер қарастырылған: Ай сайынғы жәрдемақы, тегін дәрі-дәрмек, жер,мүлік және көлік салықтарынан босатылған. Қазіргі таңда аудан бойнша жеті күміс алқа иегерлері атанған аналар бар. Солардың бірі Гүлбарам Бақытқызы.Ол алты бала тәрбиелеп жеткізген.
Адамның бойындағы асыл қасиеттердің бәрі ана сүтімен дариды. Барлық дүние мен байлық ананың ақ пейілімен өрілген. Табиғат көңілі тау бұлағындай мөлдір, жүрегі жылы, көңілі кең аналарды Алла тағала шебер жаратқан. Жаны қаншалықты нәзік болса, бейне бір күш сол бойдағы сезімді батырлықпен алмастырғандай. Анасының бар мейірімін бойға жиып, әке жолын қуған Гүлбарам Бақытқызы қазіргі таңда Қ.Қайдосов орта мектебінің ұстазы. Еңбек жолын “Балдырған” бөбекжай-балабақшасынан бастаған ардақты ана, өзгенің баласымен қоса өзінің баласын биіккі қайрап жүрген асыл ана. . Гүлбарам Бақытқызы -39 жаста. Баласының алды -16 жасқа келсе, кенжесі жастан асты.
“Ата-анам қарапайым адамдар. Отбасымызда 4 қыз тәрбиелендік. Аллаға шүкір, балаларым ақылды, озат оқушылар қатарында. Мен олардың жеткен әр жетістіктеріне қуанып отырамын. Балаларымызға адамгершілік пен дұрыс тәлім-тәрбие тырысамыз. Үнемі сабақтарын қадағалап, бағыт-бағдар беремін. Мына заманда бала-шағаны асырап бағу да оңай шаруа емес. Бірақ, әр баланың өз несібесі болады. “Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады,” – деп сыр бөлісті көп балалы ана.
Ананың құдіреттілігі баласына деген махаббаты. Қазақта “Әйелдің 40 жаны бар” деп бекер айтылмаса керек-ті. Ана туралы қанша тебіреңсенде таусылмасы хақ. “Күмістен алқа” таққан аналарымыздың омыраулары күн нұрында жадырап, шаттыққа бөленуіне тілекшіміз.
Гүлжан БӨЛЕГЕН
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай
аумақтық университетінің 1 курс студенті
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31