Қиын кезеңде елді таза сумен қамтыған қария
Аудан әкімі Шота Оспанов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Серік Нұрғазин аудан тұрғыны Сайлау Жәлелұлының шаңырағына барып мерейтойымен құттықтады
Көпті көрген қария 80 жасқа толды. Сондықтан аудан әкімі құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты. Ақ тілегін алғыс хат арқылы жеткізді. Жергілікті билік өкілдері жыл сайын мерейтой иелерін ескерусіз қалдырған емес. Дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан үрдіс қарт кісілердің көңілдерін бір марқайтып тастайтындығы да шындық. Сайлау ақсақал саналы ғұмырын елдің экономикасының өркендеуіне арнаған кісі. Қос қоғамда қызмет жасаған кәнігі жүргізуші. Әңгіме барысында өзінің еңбек жолына тоқталды.
Атқарған абыройлы қызметтерін айтып, өткен шақты еске бір түсірді. Елге қалтқысыз қызмет етіп, уақытылы қажетті заттармен қамтып отырған. Ең далада мыңғырған қой өргізіп, қыстақта отырған шопандарды таза ауызсумен қамтып, елдің батасын алған. “Су патшасы Сүлеймен” атанған қарияның өмірі жолы өнеге, еңбегі елеулі. Өмірлік жансерігі, аяулы жұбайы Күлпара апай екеуі тоғыз бала тәрбиелеп өсірген бақытты ата – ана. Әлпештеп өсіріп, мәпелеп жеткізген ұрпақтарынан 31 немере, 10 шөбере сүйіп отыр. Өмірдің қуанышы мен баянды бақытына бөленген ардақты ата – әже.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31