Германиядан келген жедел хат
немесе Жақан Қосабайұлы хақында
Құрметті менің Торғайлықтарым, сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!!!
Қаңтар айының он екінші жұлдызы күні менің досым, Қазақстанның Мемлекеттік және қоғам қайраткері, Киелі Торғай даласының біртуар тұлғасы Жақан Қосабаевтың туғанына 80 жыл. Ол Торғай жерін өте жақсы көретін. Торғай даласында дүниеге келгенін әрдайым мақтан тұтатын. Біз онымен жақын танысып, Арқалық қаласының облыс аумағында бірге жұмыс істедік. Жұмыста әрдайым сауатты, өзінің көзқарасы мен пікірі болған. Ол әрдайым өзінің жұмыс аптасын мұқият жоспарлап дайындайтын. Өте ұқыпты және педантикалық болды. Осындай азаматтар сирек кездеседі. Күрделі мәселелерді шешіп, жоғары деңгейге орындалуына ықпал жасады. Ең бастысы кез-келген істің керемет ұйымдастырушысы болды. Ол өте білімді, қазақ, орыс және шетел әдебиеті мен поэзияларын үнемі оқып жүретін. Әсіресе, қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаевтың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқитын. Жақан Торғай ауданының бірінші хатшысы болып сайланғанда, алдымен Торғай кентінің аудан орталығындағы ескі, апатты тұрғын үйлерді бұздырып, орнына алты ай ішінде жаңа үйлерді салдырды. Барлық көшелерге асфальт төсеп, абаттандыру жұмыстарын жандандырды. Мұның бәрі оның жеке тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Ал 1993 жылы Қазақ халқының көрнекті қайраткері, тұңғыш Тархан ретінде танымал болған, генерал-Губернатор, қолбасшы, Ресей, Қытай, Жоңғар, Қалмақия, Еуропа сияқты барлық көрші елдер мойындаған Қазақ батыры Шақшақ Жәнібектің 300 жылдығын Республика көлемінде өткізді. Танымал тұлғалар келіп, тойдың куәсі болып, жоғары бағаларын беріп кетті. Егер Жақан Қосабайұлының ел үшін оның ішінде Торғай халқы үшін жасаған ерен еңбегін тізіп айтар болсам, алты айдан астам уақыт керек шығар.
Қымбатты Торғай қазақтары мен 80 жасыма дейін өмірде барлығын көрдім. Бірақ, сіздер секілді мейірімді, қонақжай, кең пейілді халықты әлі кездестірген жоқпын. Сіздер менің әрдайым жүрегімдесіздер. Сөз соңында айтарым, елжанашыры. Торғай даласын соңғы губернаторы Жақан Қосабайұлының 80 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Сонымен қатар, сәлемдемемді жұбайы Раушанға, ұлы Шалқарға және қыздары мен немерелеріне жеткізулеріңізді сұраймын.
Александр ШВАРЦКОФФ
Германия,Кельн қаласы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31