Fудан әкімі Шота Оспанов Жангелдин ауданы әкімдігінің жер қатынастар бөлімінің жаңа басшысын таныстырды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Қазақстан Республикасы Заңының 15- бабының 1 және 2-1 тармақтарына және 30- бабы 1 – тармағына сәйкес, Қабиболла Жандос Қабиболлаұлы «Жангелдин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды
Жандос Қабиболлаұлы 1984 жылы Жангелдин ауданы Торғай ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Қостанай қаласындағы «Қостанай әлеуметтік – экономикалық колледжін» кеден ісі мамандығы бойынша аяқтаған. Алғаш еңбек жолын 2004 жылы «Жангелдин аудандық жер ресурстарын басқару комитеті» мемлекеттік мекемесінде жетекші маман болып бастаған. Кейін аталған мекеменің атауы өзгеріп, сол мекемеге бас маман болып жұмысын қайта жалғастырды. 2008 жылы білім жетілдіру мақсатында, Алматы қаласындағы Д.Қонаев атындағы университетіне оқуға түсіп, заңгерлік мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылы «Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бас маман ретінде ауысып, абыройлы еңбек етті. 2013 жылы басқарманың экспертиза және жерді пайдалануды жоспарлау бөлімінің басшысы болды. Құрылымдық өзгерістерге сәйкес, басқармада құжаттық, құқықтық қамтамсыз ету және мемлекеттік қызметтер мониторнигі бөлімінің басшылығына тағайындалған. 2018 – 2019 жылдар аралығында «Сарыкөл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып қызмет жасады.
Қазіргі таңда көптеген жастар туған жерлерінен жырақтап, жұмыс жоқ деген желеумен басқа қалаларға кетіп жатады. Ал, Жандос Қабиболлаұлы облыс орталығындағы қызметін тастап, туған жердің әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосамын деп елге келді. Сондықтан сыртта жүрген ел азаматтары осы үрдісті жалғастырса игі.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31