“Еркеназ” би ансамблінің кезекті жеңісі
“Тобыл толқындары” on-line би ұжымдарының ашық аймақтық халық билері байқауы аяқталып, жеңімпаздардың есімдері анықталды. Байқауға Қазақстанның әр аймақтарынан Ақмола,Атырау, Қызылорда, Павлодар және Қостанай облыстарынан 29 би ұжымдары қатысты
Қазылар алқасының құрамы хореографиялық өнердің кәсіби мамандары “Корнавал” би мектебі МКҚК директоры Шамиль Фахрудинов, Қостанай педагогикалық коледжінің хореографиялық бөлімінің меңгерушісі Салтанат Доспанова, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ “Өнер” студиясының бас хореографы Саяхат Әкімжанқызы болды.
Қазылар алқасы мүшелерінің ғана емес, көрермендердің де жүрегін жаулап алған үздік ұжымдардың есімдері жарияланды. Қазылар алқасының шешімі бойынша келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды: Арқалық қаласының “Ақбота” халық би ансамблі мен Ақмола облысының, Аршалы ауданының “ Мираж” халық би ансамблі үшінші орынды алды. Жүлделі екінші орынды Қамысты ауданының “ Зарянка” халық би ансамлі иеленді. Жүлделі бірінші орынды жерлестеріміз Болат Хамзин атындағы өнер мектебінің “Еркеназ” би ансамблі жеңіп алды. Жанат Әбдісалыққызы жетекшілік еткен өнер ансамблін кезекті жеңісімен құттықтаймыз. Аудан атын Қазақстанның түпкір-түпкіріне танытып жүрген би ұжымы , республикалық, облыстық байқаулардың жүлдегерлері Сондай-ақ, келер жылдың наурыз айында өтетін III Халықаралық “Наурыз достарын шақырады” фистиваліне жолдама алды.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31