Дөңгелек үстел басындағы сұхбат
Жангелдин ауданы әкімінің әлеуметтік тапсырысы бойынша, «Жалын» аудандық жастар ұйымының ұйымдастыруымен «Адалдық алаңы» жобасы аясында, жоспар бойынша алғашқы іс-шара өткізілді.
Аудан жастары мен қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жастар арасында насихаттау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш іс-шараны «Жалын» аудандық жастар ұйымының мүшесі Жансая Қазымова өткізді. Шараның негізгі мақсаты жемқорлыққа қарсы күресу үшін, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың, халықтың идеологиясын өзгерту. Дөңгелек үстел соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, бағдарламалар мен жадынамалар таратылды.
Айсұлу ҚҰЛТАНОВА,
«Жалын» жастар ұйымының төрайымы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
0 просмотров