«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Әдемі» балалар ойын-сауық орталығын ашылды
Енді балалар мұнда құмарлары қанғанша ойнайтын болды
Балаларға арналған ойын – сауық орталығын тек қалаларға барғанда көретінбіз. Оның өзінде кезек күтіп, 15 минут балаларды ойнатып, күн батырып үйге қайтатынбыз. Енді міне, балалар армандаған ойын – сауық орталығы өзіміздің де ауданда бар.
“Бизнестің жол картасы – 2020” бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Жангелова Аида Мұратқызы “Грант” иегері атанып, “Әдемі” балалар ойын – сауық орталығын ашты. Аталмыш ойын – сауық орталығының лентасы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қиылды. Аудан әкімі, аудан ардагерлері тілектестіктерін білдіріп, жас кәсіпкердің бастамасына сәтті қадам тіледі. Ойын – сауық орталығы ашылған күні Аида Мұратқызы қызықтап келген барлық балаларға алғашқы күні тегін қызмет көрсетті. Қалған уақытта ақылы болады. Яғни сағатына 500 теңгеден.
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31