Бар жанарды жаулаған жайдарман көпшіліктің есінде қалды
Көрермендерді салмақты әзілмен баурап алды
Жастар ресурстық орталығының қолдауымен жыл басынан бері мектеп оқушыларының арасында «Жайдарман» лигалық ойындарының жартылай және ширек финалдық ойындарына 10 команда қатысып, өзара бақ сынасқан болатын.
Қазылар алқасының шешімімен ақтық бәсекеге бес команда іріктеліп, күні кеше аудандық мәдениет үйінде өнер көрсетті. Жалпы командалардың дайындығы көңіл көншіте қойған жоқ. Тіпті кейбір командалар күлдіреміз деп бүлдіріп алды. Әзілдің жөні осы екен деп Албарбөгет орта мектебінің жанынан құрылған «Жұлдыздар» командасы нысанадан мүрт кетті. Әп – әдемі жинақы оймен жеткізетін әзілдерді қой құмалағындай шашып жіберді. Ш.Уәлиханов орта мектебінің «Жалынды жастар» командасы қатыссақ болды деген ниетпен келген сынайлы.
«Жайдарлы Жас Ұлан» мектеп лигасының финалдық бәсекесінде ерекше көзге түскен «Ыбырай star», «Амангелді ұландары», «Тәуіш kz» командалары сын – ескертпелерден қорытынды шығарып, кештің шырайын келтірді. Нәтижесінде жүлделі бірінші орынды «Тәуіш kz» командасы иеленіп, кубокты жеңіп алды. Екінші орынды «Ыбырай star» иемденді. Үшінші орынды «Амангелді ұландары» місе тұтты. Сонымен қатар, команда жетекшілері және әр команданың мүшелері өздеріне лайықты аталымдармен марапатталды. Жеңімпаз команданың кубогын аудан әкімінің орынбасары Роза Аққалиева табыс етті.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31