Ауданымыздың жас спортшылары үздіктер қатарында
Жерлестері оларға әрдайым үлкен үміт артады
Спорт – адам денсаулығына пайдалы. Спортпен шұғылдану зергектікті қажет етпейді. Тек мойынсұнсаң болғаны. Салауатты өмір салтын қалыптастыру өзімізге тікелей байланысты. Тек аудан көлемінде өтетін спорттық шараларға қатысып, бақ сынауды әдетке айналдырмай үнемі жаттығулар жасап, қара жұмысқа ден қойсаң денедегі қыртыс – тыртыстың бәрі жазылып, бойың сергіп қалады.
Бұл әрине менің сөзім емес. Жақында ғана аудан көлеміндегі үлкенді – кішілі спортшылар мен жаттықтырушылардың бас қосу жиынында жылдың «Ең үздік жас спортшысы» атанған Қосылбек Абдүннұр Асылбекұлының ұстанымы. Болашағынан зор үміт күтіретін жас спортшы тоғызқұмалақ ойынында жақсы меңгерген. Дегенмен, қазақша күреске бейімділігі басым. Былтырғы жылы республикалық жарысқа қатысып, екінші орынды иеленген. Спорт шеберлігіне үміткер. Түбінде елдің намысын қорғап, биіктерге жетеді деген ойдамыз.
Кезінде атасы Қосылбек ағай қазақша күрестің майталманы атанған. Ал, әкесі Асылбек мектеп қабырғасында оқып жүргенде жақсы күресті. Жарыстарға барғанда талай мәрте жүлдемен оралатын. Қазір таңда өз саласына байланысты салық төлеуден жалтарып жүргендермен күресіп жүр. Тегіне тартып туған Абдүннұрдың осал болуы мүмкін емес. Алдағы алар асуы, бағындырар белесі көп болсын деген ниеттеміз.
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31