Аудан тұрғындарын қабылдады
Онда көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелер ортаға салынды
«Нұр Отан» партиясы Жангелдин аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Шота Оспанов аталмыш партияның ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді.
Тұрғын үй мәселесімен келген аудан тұрғыны Айгүл Кенжебекова жағдайын айтып, үй сұрады. Ғ.Қайырбеков көшесінде орналасқан ескі қоржын үйде тұрғанына біраз жыл болды. Жауын – шашында үйдің сыртқы сылақтары құлап, төбе шатыры болмағандықтан ішке су ағады екен. Сол себепті аудан әкімдігінің көмегіне жүгінді. Аудан басышысы үйіне құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін облыс орталығынан өз қаражаттарына қажетті материалды сатып алған жағдайда жүк көлігінен көмектесуге мүмкіндік бар екендігін айтты. Сондай- ақ, коммуналдық кәсіпорын басшысына осы мәселені шешуді тапсырды.
Сөз орайы келгенде айтқанымыз жөн. Ол шаңырақтың отағасы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде шаруашылық саласында қызмет жасайды. Өзі жұмыспен қамту орталығы арқылы мерзімді жұмысқа тартылған. Ал, ұлдың ортаншысы коммуналдық кәсіпорында жұмыс істейді. Ауданымыздың байырғы тұрғындары десекте болады. Әкесі мен баласының еңбекақысын жырымдап жинап, тиыннан теңге құраса, екі үш жылдан бері заманауи құрылыс материалдарымен үйдің төбесін шатырлап алуға болар еді. Немесе ауылды жерлерде қаңырап бос тұрған үйлерді әрі кеткенде 150 мың теңгеге сатып алса, қоржын үйді тұрғын үйге айналдырып алуға әбден болады.
2017 жылы үйіне қысқы су шүмегін кіргізу үшін коммуналдық кәсіпорынға арыз берген Мейрамкүл Қасымова осы уақытқа дейін еш нәтиже шықпағандығын айтып, шағымданды. Осы орайда аудан әкімі Шота Сәбитбекұлы жоғарда аталған кәсіпорынның басшысы Мейрамбек Қалиевке барлық шығынды есептеп, көп ұзатпай түбегейлі шешіп беруді міндеттеді.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31