Ана мен бала денсаулығы назарда
Жаңа перзентханада нәресте дүниеге келді
Биыл аудандық аурухана күрделі жөндеуден өтті. Заманауи технологиямен жабдықталған орталық аурухана сапалы қызмет жасауға әзір. Осыдан үш апта бұрын жаңадан пайдалануға берілген “Перзентхана” бөлімшесінде жарық дүние есігін ашып, өмірге сәби келді. Ақкөл ауылының тұрғыны Гүлнафис Шорманова үшінші мәрте ана атанды. Сәбидің есімі Аманжол. Бас дәрігердің міндетін атқарушы Қуат Әлмағамбетов, дәрігер, акушер-гинеколог Күләнда Қабулова, бас дәрігердің орынбасары Шалқар Болатұлы бастаған медицина саласының қызметкерлері жаңа туған нәрестеге сый – сияпат жасады.
Ана мен бала денсаулығы – ұлт болашағы. Халық санының көбейіп, ауданымызда бала туу көрсеткіші арта берсін. Алтын құрсақты аналарымыз аман болсын. Жас сәбилерін құшағына алып, перзентханамыздан аман сау шығып, ана мен бала бақытына бөленсін. Аты жаман індеттен, төрт көзіміз түгел, аман-сау болайық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын ағайын…
“Әйелдер кеңес орны мен перзентхана ұжымы”
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31