Алғыс алған арымас…
Адамзат баласының асыл қасиеттерінің бірі алғыс алу
Қадір мен қасиетті ұғыну. Жаман мен жақсының аражігін ажырата білу. Бойдағы жағымсыз қылықтардан арылып, адами құндылықты сақтау. Ал, бұдан бөлек маңыздысы, қайырымдылық жасап, сүрінгенді демеп, көмек қолын созу шариғатта нақты айтылған. Себебі, қайырымды істің қайыры бар немесе Алла разылығы үшін жасаған жақсылық, жұмаққа жетелейді. Дәл осындай қайырымдылық шарасы ауданымызда көптеп жүзеге асты.
Атымтай – жомарт азаматтар ел мерейін көтерді. Қолдағы барларымен бөлісті. Елдің алғысын алды. 1965 жылы туған азамат – азаматшалар бас көтеріп, игілікті шараның ұйытқысы бола білді. Олар өзара қаражат жинап, 17 отбасыны азық – түлікпен қамтыды. 1970 жылғы туылғандар аудандық ауруханаға үш оттегі концентратор аппаратын (өкпені жасанды тыныстандыру құрылғысы) алып берді.
Өткен жылы жалпы еліміз үшін ауыр жыл болды. Әлемді жайлаған жұқпалы індетпен күрес жолында ақ халатты абзал жандар білектерін сыбана кірісті. Жандары қиналған науқастарды көріп, жүректері сыздады. Дәрменсіздікке жол бермей әл – дәрмендері жеткенше күресті. Сайып келгенде нәтижесі оңынан болып, ел алғысын алды. Қайырымды істің жаршысы болған азамат – азаматшаларға жергілікті билік өкілдері ризашылықтарын айтты.
Аудан әкімінің орынбасары Дінмұханбет Бидашев аудан әкімінің алғыс хаттарымен Сейтбаттал Нұрхановты, Серік Сапаровты, Жанар Баяхметқызын марапаттады. Аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың атынан шексіз алғысын білдірді.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31