Қайырымы мол азаматтардың көрешегі көп болсын
“Фәни тірлікте адамзат баласы бір – біріне жәрдемдесіп, көмек қолын созса, онда Алланың рахымы жауған”, – дейді бұрынғы көне көз қариялар
Бүгін бармыз, ертең жоқпыз. Сондықтан күрмеуге келмейтін қысқа жіптей ғұмырда қайырымдылық жасаған жандарға шапағат нұры төгіледі. Сәл сырқаттанып қалсаңыз ауруханаға барасыз.
Кіріп шыққаныңыздың барлығы ақша. Тегін дүние жоқ. Денсаулығың үшін ештеңе аямайсың. Әрине бар болса. Ал, жоқ болса, анау дүниемен қауыша бер деген сөз. Мен биыл қатты науқастандым. Облыстық онкологиялық диспансеріне түстім. Дертім жаныма қатты батты. Емделіп шығу үшін біраз қомақты қаражат керек болды. Кімнен сұраймын? Кімнен аламын? деген сауалдар ойымды сан айналып, сергелденге салды. Алла тағаланың құдіреті шығар торғайлық азамат Болат Қосқоловпен бір ауруханада болып, жақын таныстым. Жақын бауырымдай болды. Сырым мен шынымды айттым. Еш ойланбастан көмектесетіндігін айтты. Бір сөзді азамат екен барлық жағдайымды жасап, қаржылай көмектесті.
Қазір Аллаға шүкір дертімнен толық айықпасамда, әуелдегіден көп жақсымын. Сол себепті жергілікті газеттеріңіз арқылы Болат Халықұлына алғысымды білдіремін. Жасаған жақсылығы Алладан қайтсын. Жаратқан ием шапағатшы болсын. Отбасына амандық тілеймін. Балалары мен немерелерінің қызығын көріп, сары тісті қария атансын. Денсаулығы мол болсын, абыройы зор болсын. Киелі Торғай жерінде Болаттай жомарт азаматтар көп болсын.
Амантай ІСКЕНДІРОВ
Қостанай қаласының тұрғыны
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31