
Қайырлы істің өзіндік берекесі бар…
Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Бұл адам бойындағы асыл қасиет. Ауданымызда жыл сайын дәстүрге айналған қайырымдылық іс-шарасы биылда жалғасын тауып отыр. Сансыз сауапқа кенеліп, жанына жылулық ұялатқан “Алмас” шаруа қожалығының жетекшісі Қайрат Райсов жекелеген санаттағы аудан және ауыл тұрғындарын 100 қап ұнмен қамтамасыз етіп, көмек көрсетті. 20 қап ұн аудандық аурухана қызметкерлеріне берілді. “Алмас” шаруа қожалығының жетекшісі жеке кәсіпкер Қайрат Сайранұлы 1998 жылдардан бері егін шаруашылығымен айналысып келеді. Сонымен қатар, мал шаруашылығында дөңгелетіп отыр. Ауданға қолдан келген көмегін көрсетіп азаматтық жасап келеді. Мәселен, Ы.Алтынсарин көшесіне тас төсеніштерін төсеуге мұрындық болды. Ал, аудан тұрғындарымен жекеленген санаттағы азаматтарға ұн әкеліп беруді көп жылдардан бері қолға алған.
“Қайырымдылық жасасаң, қайырын көрерсің” дегендей, қайырлы істің ұршығын иірген жерлесіміз нағыз адамгершіліктің үлгісін көрсете білді. Елге көмек көрсеткен еңбегі еселеніп, шаруашылығы алға баса берсін.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31